{metadescription}
ТЖМ құтқарушылары жоғалған екі адамды тапты

ТЖМ құтқарушылары жоғалған екі адамды тапты

Бүгін күндіз Қарағанды облысы Балқаш қаласынан 140 шақырым жерде Саяқ кенті бағытында құтқарушылар екі ер адамды іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Олар кеше түнде Балқаш қаласы бағытында сорғы станциясынан автокөлікпен шыққаннан кейін байланысқа шықпай қалған. 

ТЖМ іздестіру тобы Ащыөзек станциясына дейін 20 шақырым жерде адасып кеткен адамдарды тауып алды. Белгілі болғандай олар қар құрсауында қалып қойып, қозғалысты жалғастыра алмаған. 

Автокөлік жолдың тазартылған учаскесіне шығарылып, Балқаш қаласына дейін жеткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде