{metadescription}
Оралда жүк пойызы қағып кеткен ер адам мерт болды

Оралда жүк пойызы қағып кеткен ер адам мерт болды

Орал қаласында жүк пойызы қағып кеткен ер адам көз жұмды.

ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 4 ақпан күні болған. 

- Аталған дерек Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес тіркелді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жария етілмейді, - деп хабарлады ведомстводан.

Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде