{metadescription}
Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жасады.

Кәсіпорынның болжамына қарағанда, Астанада 5 ақпанда түнде және таңертең тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Абай облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жылдамдығы 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.

Атырау облысының батысында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында жаяу бұрқасын соғады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, Мұғалжар ауданында екпіні 15-20 м/с.

5 ақпанда күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақытта тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде аздаған қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Облыстың солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде жылдамдығы 15 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде