Парламент Мәжілісі жасанды интеллект туралы заң жобасын талқылайды
Парламент Мәжілісінің қарауына «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы мен екі ілеспе құжат енгізілді.
Фото: Kazinform
10:59 05.02.2025
- Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жасанды интеллект технологияларын қарқынды дамыту керек екенін атап өтіп, бірқатар тапсырма берді. Жасанды интеллект және оған ілеспе заң жобаларына Парламент Мәжілісінің депутаттары бастамашылық етті. Бұл құжаттар жасанды интеллект технологияларын пайдаланудың бірыңғай құқықтық базасын қалыптастыруға бағытталған. Негізгі заң жобасы жасанды интеллект саласындағы реттеудің, қауіпсіздікті қамтамасыз етудің құқықтық әрі ұйымдастыру негіздерін, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік ұйымдардың жасанды интеллект технологияларын пайдалану ерекшеліктерін айқындайды, - деді Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы Нұртай Сабильянов палатаның жалпы отырысында.
Бұдан басқа, іліспе заң жобалары жасанды интеллект жүйелерін пайдалана отырып жасалған өнімдерге қатысты тұтынушылардың құқықтарын және жеке деректерін қорғауға, жасанды интелект арқылы жасалған БАҚ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
- Сондай-ақ жасанды интеллект жүйелерінің иелері үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Осыған орай Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті бұл заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеуге дайын, - деді депутат.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!