Енді елімізге келетін шетел азаматтарына QR код беріледі
Қазақстанда келетін шетел азаматтарының қауіпсіздігін қамту мақсатында жаңа платформа іске қосылды.
Фото: pixabay
11:16 05.02.2025
Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлайды, деп жазады kazinform.
- Мемлекет басшысы жақында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында туризмді дамытудың және шетелдік қонақтарға қолайлы жағдай жасаулың стратегиялық маңызын атады. Ішкі істер министрлігі елге келетін туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастыруда. Енді әрбір шетелдік қонаққа елге кірген бойда, сондай-ақ шекара бақылауынан өткен кезде электронды көп тілді QR коды бар арнайы карта беріледі, - деп түсіндірілген видеода.
Ведомствоның мәліметінше, шетелдік қонақ QR кодтың көмегімен порталға (safetravel.kz) өтеді, ол жерде қауіпсіз жүріп-тұруға қатысты барлық ақпарат, ұсыным мен пайдалы мобильді қосымшалар қолжетімді.
- QR коды бар алғашқы карталар елорданың әуежайында шетелдік қонақтарға табыстала бастады, - дейді министрліктен.
Safetravel.kz порталында шетелден келетін азаматтарға ұсынылады:
- полициямен жедел байланыс орнатуға арналған «102» мобильді қосымшасы, оның ішінде «SOS» функциясы да бар;
- көші-қон заңнамасын сақтау жөніндегі жадынама;
- танымал қосымшаларға сілтеме жасалған қала картасы;
- ресми такси мен онлайн қызметтердің тізімі;
- байланыс операторларының тізімі және олардың ресми сайттарына сілтеме;
- әр түрлі жағдайда әрекет ету алгоритмдері;
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!