{metadescription}
Туристердің қауіпсіздігіне қатысты жаңа нормалар енгізіліп жатыр - министр

Туристердің қауіпсіздігіне қатысты жаңа нормалар енгізіліп жатыр - министр

Былтырғы статистика бойынша тек таулы жердің өзінде жүзден астам іздестіру операциясы жүргізілді.

Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында азаматтық қорғау туралы заң жобасын талқылау кезінде ҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов мәлім етті.

- Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша айтар болсам, өндірістегі авариялардың негізгі себебі - жабдықтардың тозуы. Бүгінгі таңда жабдықты ауыстыруды көбінесе қысқа мерзімде қайта қаржыландыруға мүдделі емес объекті иелері өздері жүзеге асырады. Технологияларды, құрал-жабдықтарды және жұмыс әдістерімен бірге, қайта жабдықтау процесін тиімді ұйымдастыру үшін министрлікке қауіпті өндірістік объектілерді жаңарту мен техникалық қайта жабдықтаудың жиынтық жоспарын келісу өкілеттігі беріледі, - деді Ш. Әрінов.

Сонымен қатар «мұнайдың төгілуін жою бойынша уәкілетті органның теңіз ұйымы ұғымы» енгізіліп отыр. Былтыр министрлік «Теңіз жасағын» құрды. Оның функциялары - Каспийде теңіз мұнай операцияларын жүргізетін инфрақұрылым объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл шаралар өндірісте апаттардың туындауын азайтуға мүмкіндік береді.

- Жыл сайын елімізге келетін туристердің саны артып келеді, ал олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету маңызды. Былтырғы статистика бойынша тек таулы жердің өзінде жүзден астам іздестіру операциясы жүргізілді. Бұл ретте туристердің тұрған жері анық болмағандықтан, іздеу жұмыстары қиындайды. Осыған байланысты туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға уақтылы көмек көрсету бойынша жекелеген нормалар енгізілуде. Министрліктің аумақтық органдарына азаматтардың алдағы жүріп-тұру бағыттары туралы хабардар ету тәртібі және жетуі қиын туристік орындар тізбесі айқындалады, - деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде