{metadescription}
Сот Алмас Кішкенбаевтың ісі бойынша шешім шығарды

Сот Алмас Кішкенбаевтың ісі бойынша шешім шығарды

Алматы қаласының Әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әнші Алмас Кішкенбаевқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі жабық тәртіпте қарады.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылдың 5 ақпанында Алматы қалалық сотында мәлім болды, деп хабарлайды Zakon.kz. Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде К-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады.

ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде қоғамдық тәртіп пен тыныштықты бұзатын жеке тұлғаларға зәбірлеп тиiскені үшін жауапкершілік қарастырылған. Сотпен К.-ның мас күйінде бола тұра, осындай әрекеттерді жасағаны анықталды. Сотта К., оқиғаның мән-жайы есінде жоқ екенін түсіндірді.

434-баптың 1-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 күннен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу түріндегі жауапкершілікті қарастырады. 

Жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ

Сонымен қатар, жауаптылықты ауырлататын мән-жай мас күйінде құқық бұзушылық жасау болып анықталды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде К.-ға ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Алмас Кішкенбаев үш бөтелке сыраны жеткізуге тапсырыс бергені хабарланған болатын. Тапсырысты 2007 жылы туған мектеп оқушысы курьер өңдеген. Сағат 21:00-де дүкеннен тауарды алып, тұтынушыға жеткізді. Жас жігіттің айтуынша, ер адам алкогольдік ішімдікті алып, кейін оған сусын ұсынған. Сондай-ақ жеткіншек тапсырыс берушінің өзіне қысым көрсеткенін айтты. Ол болған жағдайды әкесіне айтып, құқық қорғау органдарына арыз түсірген.

2025 жылдың 31 қаңтарында Алмас Кішкенбаевтың ісі Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді. Әншінің үстінен баптың 1-бөлігі бойынша айып тағылды. 434 (ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы ("Қоғамдық орындарда әдепсіз әрекеттер жасау, жеке тұлғаларды қорлау және басқаларға сыйламаушылық білдіретін, қоғамдық тәртіпті және жеке адамдардың тыныштығын бұзатын осыған ұқсас әрекеттер").

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде