АҚШ-та заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарының саны белгілі - Ермұхамбет Қоныспаев
ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермұхамбет Қоныспаев АҚШ-та заңсыз жүрген Қазақстан азаматтарына қатысты пікір айтты.
Фото: Агибай Аяпбергенов/ Kazinform
13:57 05.02.2025
Оның айтуынша, АҚШ шекарасында заңсыз мигранттарды қоныстандыратын лагерьлерде Қазақстан азаматтары жоқ.
- Вашингтондағы Қазақстан елшілігі және басқа да консулдық мекемелер АҚШ-тағы азаматтарға қатысты тұрақты есеп жүргізіп тұрады. Жақында біздің елшілік АҚШ-тың көші-қон саясаты бойынша мәлімдеме жасады. Яғни, аталған елде заңсыз жүрген адамдарға тиісті шара қолданылмақ. Дәл қазір заңсыз жүрген адамдардың нақты санын айта алмаймын. Бірақ олардың барлығына ескерту жолданды. Шамамен қанша адам заңсыз жүргені туралы ақпарат бізде бар. Сыртқы істер министрлігіне сауал жолдасаңыздар, олардың санына қатысты нақты мәлімет береміз, - деді Е. Қоныспаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!