{metadescription}
Атырауда жыл басынан бері заңсыз айналымнан 11 келіге жуық есірткі тәркіленген

Атырауда жыл басынан бері заңсыз айналымнан 11 келіге жуық есірткі тәркіленген

Атырау облысында жыл басынан бергі 1 айда есірткімен байланысты 15 құқық бұзушылық тіркеліп отыр.

Оның ішінде 10 қылмыс бар. Атырау облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Құттыбай Садықовтың мәліметінше, заңсыз айналымнан 11 келіге жуық есірткі заты тәркіленген.

– Облыс аумағында жүргізілген жедел-іздестіру шаралары кезінде есірткі өсіретін фитозертханасын ұйымдастырған Атырау қаласының тұрғыны ұсталды. Одан 14 түп сора өсімдігі тәркіленді. Қазір күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліліп жатыр. Ал заңсыз айналымнан алынған есірткінің арасында ауыр түріне жататын 1 келі 400 грамм синтетикалық есірткі алынды, -деп хабарлады Құттыбай Садықов.

Оның айтуынша, есірткі тасымалдаушылардың 1-еуі Ақтөбе қаласынан келген. Есірткі шегіп, көлік айдаған 2 адам ұсталған.

– Атырау қаласында есірткі заттарын таратын сайттарды жарнамалайтын 10-нан астам граффити жазбалары жойылды. Барлық жарнама мен күдік тудырған QR-кодтар ұдайы тексеріліп отыр. Интернет желісіне жүргізілген мониторингтің нәтижесінде есірткі жарнамалайтын 50 сайт анықталып, Ішкі істер министрлігіне бұғаттау үшін жолданды, - деп мәлім етті Құттыбай Садықов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде