Шымкентте жоғалған үш адамның бірінің денесі табылды
Арайлым мен Таннұр аман-есен ата-анасына тапсырылды.
Фото: polisia.kz
16:09 05.02.2025
Ал, 20 жастағы жігіттің денесі табылды. Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған азаматтың өлімі бойынша полиция қылмыстық іс қозғағандығын мәлімдеді.
- Алдын ала мәлімет бойынша, зорлық-зомбылық белгілері анықталмады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізіліп жатыр, - делінген ведомство ақпаратында.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!