Жамбыл облысында 2,5 ай бұрын жоғалған жігіт Қызылордадан табылды
Қызылорда облысының полицейлері екі жарым ай бұрын із-түзсіз жоғалған жамбылдық азаматты отбасымен қауыштырды.
Фото: Константин Шелков
08:35 06.02.2025
Қызылорда қаласы Полиция басқармасының қызметкерлері қала орталығында тоқтатқан ер адамның жеке басын анықтайтын құжаты жоқ екендігі анықталды.
— Полиция қызметкерлері азаматты тұрақты мекенжайы мен құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-тарату орнына орналастырды. Одан кейін дереу жақын туыстарын іздеуге кірісті. Тексеру барысында аталған азаматтың екі жарым ай бұрын Жамбыл облысы, Қордай ауданында із-түзсіз жоғалғаны белгілі болды. Бұл жөнінде аудандық полиция бөліміне хабарлама келіп түскен. Ер адам үйінен шығып, қайта оралмаған. Қызылордалық полицейлер жоғалған азаматтың отбасымен қауышуына жағдай жасады, — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!