Алматыда дабыл жүйесі іске қосылады
Алматыда бүгін сағат 11:00-де сирена дыбыстары естілетін болады.
Фото: pixabay.com
09:31 06.02.2025
Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, шара «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы аясында өткізіледі.
— «Баршаның назарына!» дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.Оны естігеннен кейін теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты алыс қашықтыққа нұсқаулар алу үшін оқу керек, — деп атап өтті ведомстводан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!