Ақтөбеде әлеуметтік газды жасырын сатқан қылмыстық топ ұсталды
Ақтөбеде қылмыстық топ жалған құжат жасап, 12 вагон сұйытылған газды сатпақ болды.
Фото: видеодан алынды/ІІМ
11:45 06.02.2025
Олар мұнай-газ компаниясының қызметкерлері болып шықты. Ақтөбе облыстық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы, прокуратура мен ҰҚКД әлеуметтік газды ұрлап, сатпақ болған күдікті топты ұстады. Олар газ өңдеу компаниясының жұмысшылары болып шықты. Алдымен газдың құрамын тексеріп, оны жарамсыз деп таниды. Кейін жинап, сатуға кіріскен.
- Олар есепке алынбаған газды жинақтап, кейін темір жол арқылы тасымалдаған. Кен орнынан сату орнына бара жатқан жолда ұрланған газ бар 12 вагон ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша келтірілген шығынның сомасы белгіленетін болады. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
Қазір Қылмыстық кодекстің «Ұрлық» бабы бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!