Ауа райына байланысты Ақтөбе және Қызылорда облыстарында жол жабылды
ҚазАвтоЖол көлік қозғалысын шектеу туралы шұғыл ақпарат жариялады.
Фото: ШҚО ПД
12:29 06.02.2025
2025 жылғы 6 ақпан сағат 11:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады:
Ақтөбе облысы:
- «РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе қаласынан Қызылорда облысының шекарасына дейін).
Қызылорда облысы:
- «РФ шекарасы-Ақтөбе-Қызылорда-Алматы-ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығындағы учаскесі (Ақтөбе облысының шекарасынан Арал қаласына дейін).
Жолды 6 ақпан сағат 20:00-де ашу жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!