Қазақстан мен Венгрия арасында жаңа әуе қатынасы ашылады
ҚР Көлік министрлігі 2025 жылғы 6 ақпанда жаңа әуе рейсіне байланысты жағымды ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: akorda.kz
13:30 06.02.2025
Ведомство ақпаратынша, жаңа рейс Венгриямен әуе қатынасын орнатады.
"2025 жылдың 27 мамырынан бастап "SCAT" қазақстандық әуе компаниясы Шымкент – Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер "Boeing 737" үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалатын болады".ҚР Көлік министрлігі
Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.
"ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізуде",- деп қорытындылады ведомство.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!