Қазақстанда шегірткемен күреске 7 млрд теңге бөледі
Шегірткеге қарсы күреске 7 млрд теңге бөледі.
Фото: pixabay
14:23 06.02.2025
Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты.
- Таяуда жиналыс өткіздім, биыл 700 млрд (егістік жұмыстарына) бөлдік. Қаражат бөлуді былтыр 29 қарашада бастадық. Кеше «Кең дала» бағдарламасы бойынша 140 млрд бағытталды... Шегірткенің таралуына жол бермеуге арналған 7 млрд теңге дайын, - деді С.Жұманғарин.
Оның айтуынша, биыл шегірткенің таралуы аумағы азайған.
- Менің ойымша, биыл шегіртке мәселесін шешеміз. Тәжірибе жинақтадық, - деді Премьер-Министрдің орынбасары.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!