{metadescription}
Түркияның іргесінде 938 рет жер сілкінді

Түркияның іргесінде 938 рет жер сілкінді

Эгей теңізінің Түркия мен Грекия шекарасындағы бөлігінде соңғы 10 күнде 938 рет жер дүмпуі тіркелген.

Олардың көпшілігі 4 балдан аспайтын ұсақ тербелістер. Дегенмен кей дүмпулер Измир қаласында сезілген. Мамандар мұндай тербелістерден кейін жойқын жер сілкінісі болу мүмкіндігін жоққа шығармайды, деп жазады zakon.kz. Бұдан бөлек бұл жер қозғалыстары осы маңайдағы жанартауларды да оятуы мүмкін.

Себебі теңіздің бұл бөлігінде 20-дан аса сөнген жанартау бар. Олардың ең ірісі Санторини аралындағы жанартау оянып, атқылайтын болса, теңізде цунами болу қаупі жоғары. 1925-ші жылы дәл осындай жер дүмпулерінен соң бұл жерде жанартау атқылап, үлкен апат болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.