ШҚО-да сақылдаған сары аязда арнайы мектептің төрт оқушысы қашып кеткен
Серебрянск қаласында (ШҚО) төрт жасөспірім түн ортасында қақаған аязға қарамастан мамандандырылған мектеп-интернаттан қашып кеткен.
Фото: pixabay
15:42 06.02.2025
Желіде олардың қоғамдық дәретханада үсік шалған қолдарын көрсеткен бейнесі тарады, деп хабарлайды Zakon.kz. Жазбаның авторы бұл арнайы мекемеден қашудың бірінші фактісі емес екенін алға тартады. Оған себеп – мекемеде оқушыларға күн көрсетпейді.
"Серебрянск қаласында арнайы мектептің оқушылары өздеріне төнетін қауіп-қатерге қарамастан бірнеше рет қашып отыр. Оған себеп – мекемедегі қорқынышты жағдай – балалар қорқытудың, физикалық зорлық-зомбылықтың және қорлаудың құрбаны болуда. Қашқан оқушыларды үсік шалған. Көшедегі қоғамдық дәретханаға тығылған. Бұл үшін кім жазаланады?", – деп жазды vestnik public.altay авторы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!