Қор нарығында теңге екінші күн қатарынан нығайып жатыр
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Фото: pixabay
16:04 06.02.2025
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,75 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 515,31 теңге.
Ұлттық банктің 6 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 515,97 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,25 теңге. Еуро — 537,80.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 516 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 517,5 теңге. Еуро 535 — 538 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 514 теңге, сатып алу құны — 520 теңге. Еуро 533 теңгеден сатылып, 540 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,22 - 5,32 аралығында саудаланып жатыр.
Осыған дейін Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы 2025 жылы доллар 545 теңгеге дейін баруы мүмкін екенін айтты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!