{metadescription}
Оқушылар 85 жастағы әженің өмірін сақтап қалды

Оқушылар 85 жастағы әженің өмірін сақтап қалды

Облыс әкімдігінің мәліметінше, оқыс оқиға Көкпектіде болған.

Аудан орталығындағы мектептің «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары «Үлкенге құрмет» акциясының аясында қариялардың аулаларын қардан тазартып, үй жұмысына көмектесіп жүр. Кезекті мәрте қолғабыс етуге шыққан Расул Бақтыбеков, Ертай Айыпқазы, Ерасыл Дәуітхан жалғызбасты Фелисада Арабеж әжейдің үйіне барады.

– Әжейдің үйіне офицер-тәрбиешіміз Талғат Тоқтарұлының жетекшілігімен бардық. Біз келгенде үйдің ішкі жарығы қосылып тұрды. Есікті қағып, қоңырау соғып едік, жауап болмады. Бұл бізге күмән туғызып, көршілерден әжейді соңғы рет қашан көргенін сұрадық. Олардан қарияны соңғы 2 күннен бері сыртқа шықпағанын ести сала шүғыл әрекет жасауға шешім қабылдадық, - дейді оқушылардың бірі Ертай Айыпқазы.

Көршілермен бірге терезені сындырып, ішке енген оқушылар әжейдің ес-түссіз жерде жатқанын көреді. Бірден жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер қажетті ем-домын жасаған. Осылайша, оқушылар мен олардың тәрбиешісінің қырағылығының арқасында бір адамның өмірі құтқарылды.

85 жастағы Фелисада Арабеж әжей қазір ауруханада ем қабылдап жатыр. Аудан әкімдігі «Жас сарбаз» сыныбының оқушылары мен жетекшісіне алғыс білдіріп, олардың ерлігі мен адамгершілігін ерекше атап өтті.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.