{metadescription}
Атырау облысында былтыр 15-17 жастағы 127 жасөспірім жүкті болып қалған

Атырау облысында былтыр 15-17 жастағы 127 жасөспірім жүкті болып қалған

Атырау облысында былтыр 15-17 жастағы 127 жасөспірімнің жүкті болғаны анықталып отыр. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 35 пайызға азайған.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 2020 жылы жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің 193 дерегі тіркелген.

– Атырау облысында жасөспірімдердің репродуктивті саулығын нығайту бағытында кешенді бағдарлама жүзеге асырылып жатыр. Аталған бағдарламаға сәйкес жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу, көрсеткішін төмендету көзделді. Басты мақсат – жасөспірімдердің медициналық және психологиялық көмек алуына қолдау көрсету, - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. 
Мұнайлы өңірде 2023 жылы жастар саулығы орталығы ашылған. Орталықта жасөспірімдерге медициналық және психологиялық кеңес беріледі. 

– Ерте жүктіліктің алдын алу шараларын күшейту мақсатында жастарға түсіндіру жұмысы қолға алынды. Оларға көмек көрсететін балалар гинекологы мен репродуктолог тағайындалды. Дәрігерлер мен психологтер жасөспірімдерге арналған семинарлар мен «дөңгелек үстел» ұйымдастырып, ерте жүктіліктің салдары жөнінде кеңес беріп келеді, - деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.