Қысқы Азия ойындары: 6 спортшымыз шорт-тректен келесі кезеңге өтті
Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының шорт-тректен ерлер және әйелдер арасында 500 метрге сырғанаудан іріктеу жарысы өз мәресіне жетті.
Фото: Сали Сабиров, ҚР ҰОК
09:17 07.02.2025
Әйелдер арасында сынға түскен қыздар Зейнеп Құмарқан (45.420 секунд), Яна Хан (43.929 секунд) және Малика Ермек (44.286 секунд) келесі кезеңге сүрінбей өтті.
Ал ерлер арасында Мерсаид Жақсыбаев (41.871 секунд), Абзал Әжіғалиев (42.026 секунд) және Денис Никиша (42.702 секунд) ширек финалда өнер көрсететін болады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!