{metadescription}
Астанада техникалық станция өртеніп, иесін күйік шалды

Астанада техникалық станция өртеніп, иесін күйік шалды

Оқыс оқиға Астана қаласының Байқоңыр ауданында Е.Брусиловский көшесінде болды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.

Астана қаласы ТЖД бастығының бірінші орынбасары Бақытжан Мәуленбердиевтің сөзінше, бүгін Астана қаласының Байқоңыр ауданында Е.Брусиловский көшесінде орналасқан техникалық қызмет көрсету станциясының бірінде өрт шықты. Салдарынан оның 2 боксы ашық жалынмен өртенді. Жоғары дәрежелі шақыруды жариялап, күштер мен құралдарды тез арада арттырғанның нәтижесінде жедел штаб көрші бокстарға өрттің таралу қаупін жойды. 250 ш. м. алаңды шарпыған өрт сөндірілді. 

— Өрттен 1 шағын автобус пен 1 жүк көлігі зақымданды. 1986 жылы туған жалға алушыны күйік шалып, ол ауруханаға жатқызылды, — делінген хабарламада.
Мәуленбердиев атап өткендей, өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 қызметкер және 15 техника жұмылдырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.