{metadescription}
Қазақстанның ІІМ мектеп оқушыларының ата-аналарына "құлпынай квик" кәмпиттеріне байланысты үндеу жасады

Қазақстанның ІІМ мектеп оқушыларының ата-аналарына "құлпынай квик" кәмпиттеріне байланысты үндеу жасады

Қазақстанда мектеп оқушыларының ата-аналары құрамында есірткі бар делінетін құлпынай квик кәмпиттері туралы ақпаратқа алаңдаулы.

Осыған байланысты ҚР Ішкі істер министрлігі түсініктеме беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz. Полицейлердің мәліметінше WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға "құлпынай квик" кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат таралуда.

Алайда бұл таралым шындыққа жанаспайды. Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн. Сонымен қатар біз ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын еске саламыз.

Бұған дейін бұл тәттілер туралы ақпарат көрші Қырғызстанға да "тосын сыймен" жіберілген болатын. Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі де мұның жалған екенін мәлімдеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.