Ақтөбе стансасында адам мерт болды
Теміржол бойында әйел көз жұмды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Фото: ҚТЖ
12:42 07.02.2025
Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2 ақпан күні болды. Полиция оқиғаның нақты қалай болғанын ашып айтпады.
- Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу» бабы бойынша іс тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды,- деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!