{metadescription}
Жамбыл облысында құны 187 млн темекіні заңсыз әкелгендер анықталды
Осы жылдың 5 ақпанында Жамбыл облысы Қарасу елді мекенінде ҰҚК шекара жасағы темекінің ірі партиясын (535 мыңнан астам қорап) тасымалдау әрекетінің жолын кесті.
Фото: ҚР ҰҚК
13:48 07.02.2025
Темекі бұйымдары көрші елден Қазақстанға ілеспе құжаттарысыз жеткізіліп тұрған. Алдын ала бағалау бойынша тәркіленген тауардың құны 187 млн теңгеден асады. Әрі қарай қаралуы үшін жүк тиісті органға берілді.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!