{metadescription}
Елімізде енді аурухана парақтары тек электронды түрде беріле бастайды

Елімізде енді аурухана парақтары тек электронды түрде беріле бастайды

2025 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстандық медициналық мекемелер электрондық аурухана парақтарына көшті.

Қазір қағаз және электронды бюллетеньдер бірге берілуде. Жұмыс беруші қай кезеңнен бастап тек электронды аурухана парақтарын қабылдауға міндетті? Толығырақ Zakon.kz ақпаратында. Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта "еңбекке уақытша жарамсыздық парағын беру" мемлекеттік қызметі электрондық және қағаз түрінде көрсетілетінін түсіндірді.

"Аурухана парақтарын ашу туралы фактілер азаматтың келісімімен жұмыс берушіге беріледі. Егер бұрын жұмыс беруші қызметкердің ауырып қалғанын тек аурухана парағының өзі әкелінген кезде білсе, қазір аурухана парағының қашан ашылатыны немесе ұзартылатыны туралы ескерту болады", – деп атап өтті министрлік.

Сондай-ақ, қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы барлық парақтар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" ақпараттық жүйесіне өзектендіру режимінде беріліп, hr.enbek.kz порталындағы қызметкердің жеке кабинетінде және Enbek HR мобильді қосымшасында көрсетіледі.

Қажет болған жағдайда қызметкер өзінің еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы хабарлау үшін жұмыс берушіге мәліметтер жіберуге мүмкіндігі бар.

Қағаз анықтамаларды алып тастауды іске асырудың алдын ала мерзімі – 2025 жылғы 1 сәуір.

Дереккөз: zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде