Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасарына іздеу жарияланды
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында Ақтау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовқа іздеу жарияланғаны хабарланды.
Фото: pixabay
16:02 07.02.2025
— Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Тимур Сәдуақасовқа пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру бойынша қылмыстық іс аясында пара беруге итермелеу және алаяқтық жасағаны үшін іздеу жариялады, - делінген құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдары порталының ресми ақпаратында.
Іздестіру карточкасына сәйкес, Сәдуақасов тегі бойынша іс 2025 жылғы 5 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысында тіркелген. Іздестіруді бастаған орган – сот, ал іздестіру жүргізетін орган – ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті екені де жазылған.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!