Құрылыс саласындағы нормативтерді реттейтін ұлттық институт құрылады
Құрылыс заңнамасын өрескел бұзған компанияларға құрылыспен айналысуға тыйым салынуы мүмкін.
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform
17:09 07.02.2025
Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Қуандық Қажкенов Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаның отырысында айтты.
- Ұлттық техникалық нормалау институтын айқындау көзделеді. Оның негізгі міндеті азаматтардың қауіпсіздігін және мүліктің сақталуын нығайтуға бағытталған техникалық нормативтік талаптарды әзірлеп, енгізу болады. Ол ұйымға Беларусь пен Ресей Федерациясының тәжірибесі бойынша құрылыс нормалары саласындағы ұлттық институт мәртебесі беріледі деп болжанып отыр, - деді Қуандық Қажкенов.
Оның сөзінше, сала ұйымдарын сертификаттау функциясы бәсекелі ортаға берілуі мүмкін.
- Бұдан басқа, құрылыс саласында өрескел бұзушылықтарға жол берілген жағдайда қызметті жүзеге асыруға тыйым салу мүмкіндігімен құрылыс нарығына қатысушылардың ортақ жауапкершілігін белгілеу жоспарланып жатыр, - деді вице-министр.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!