Үкіметте Инвестициялық штабтың отырысы өтті
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Инвестициялар тарту жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Фото: primeminister.kz
20:31 07.02.2025
Отырыс барысында қатысушылар 17 ірі жобаның тізімінен екі жобаның іске асырылу мәртебесін талқылады. Мәселен, Астана қаласында «Tiryaki Agro» агроөнеркәсіптік кешенін және Павлодар облысында «ЕГМК» ЖШС гидрометаллургиялық комбинатын салу бойынша бірқатар ашық сауалдар қаралды. Бірінші жоба бойынша инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 169,6 млрд теңгені құрайды, ал оны іске асыру 400 жұмыс орнын ашу арқылы жыл сайынғы бидай өндірісін 240 мың тоннаға ұлғайтады. Инвестиция сомасы 343,3 млрд теңге болатын «ЕГМК» ЖШС жобасы 300 мың тонна алтын мыс концентратын қайта өңдеуді және 500 жұмыс орнын аша отырып, шамамен 15 тонна алтын шығаруды қамтамасыз етеді.
Бұдан басқа, Ақтөбе облысының инвестициялық бағдарламасы, атап айтқанда әуежай базасында АЭА құру және «Хромтау» индустриялық аймағын дамыту талқыланды. Облыстың 74 инвестициялық жобасының ішінен 2025 жылы 1,2 мың жұмыс орнын ашумен 490 млрд теңге сомасына 10 жобаны іске асыру жоспарлануда. Олардың ішінде рельсті дәнекерлеу кәсіпорнының кеңеюін, жел электр стансаларының құрылысын, жүн және тоқыма емес материалдарды қайта өңдеу кәсіпорнының құрылысын және басқаларын атап өтуге болады.
Қатысушылар сондай-ақ теміржол және авиация салаларында стратегиялық инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру бойынша бірқатар ашық мәселелерді талқылады. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, трансқазақстандық теміржол дәлізін дамыту елді жаһандық көлік желілеріне кіріктірудегі басты міндет болып саналады. Бұл жобалар инвестициялар тартуға, жұмыс орындарын ашуға және сауданы әрі халықаралық әріптестермен байланысты дамыту арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Сонымен қатар инвесторлардың өтініштерін талдау барысында Кәсіпкерлік кодексте экономикалық қызметке және кәсіпорындардың одан әрі кеңеюіне кедергі келтіретін норма анықталды. Бұл мәселені шешу үшін мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!