{metadescription}
Жетісуда 21 жастағы азаматтан 111 орам есірткі тәркіленді

Жетісуда 21 жастағы азаматтан 111 орам есірткі тәркіленді

Панфилов ауданында заңсыз есірткі сақтаумен айналысқан 21 жастағы Түркістан облысының азаматы ұсталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек тінту кезінде күдіктіден 111 орам есірткі тәркіленген. a-PVP психотроптық заты оның сырт киімінің қалтасынан және сөмкесінен табылған.

Сонымен қатар, полиция қызметкерлері есірткінің жасырын қойылған орындарын анықтап, тағы 11 орамды тапты. Жалпы алынған a-PVP мөлшері 63,3 грамм болды. 

— Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Заңнамаға сәйкес, есірткі және психотроптық заттарды заңсыз сақтау үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған, — деді Жетісу облыстық полиция департаменті.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

11 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде