{metadescription}
ҰҚК «Damumed» ақпараттық жүйесіне заңсыз қол жеткізу схемасын әшкереледі

ҰҚК «Damumed» ақпараттық жүйесіне заңсыз қол жеткізу схемасын әшкереледі

Олардың медициналық қызметкерлердің есептік жазбаларын заңсыз иемдену арқылы Денсаулық сақтау министрлігінің «Тіркелген халық тіркелімі» және «Damumed» ақпараттық жүйелеріне рұқсатсыз қолданғаны анықталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратураның үйлестіруімен Жетісу облысының екі тұрғынына қатысты Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне заңсыз қол жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

- 30 қаңтарда Талдықорған қаласы сотының шешімі бойынша олар Қылмыстық кодекстің 205-бабының 2-бөлігінде және 208-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 300 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды, - делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Тергеу барысында медициналық қызметкерлердің есептік жазбаларын заңсыз иемдену арқылы олар Денсаулық сақтау министрлігінің «Тіркелген халық тіркелімі» және «Damumed» ақпараттық жүйелеріне рұқсатсыз қол жеткізгені анықталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде