Киберполиция Өскемен, Қарағанды қалаларында телефон алаяқтарын ұстады
Қарағанды қаласында шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді.
Фото: polisia.kz
11:03 10.02.2025
ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті интернет-алаяқтардың сыбайластарымен белсенді күрес жүргізіп келеді.
- Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің киберполиция қызметкерлері ҰҚКД және прокуратурамен бірлесіп, Өскемен қаласында үш мекенжайдан 489 sim-карта орнатылған 22 sim-box құрылғысын, 452 USB-интернет модемін, 13 компьютер, 4 роутер және бір ноутбук тәркіледі. Заңсыз іс-әрекет үшін қаланың үш тұрғыны ұсталды, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Polisia.kz-тің мәліметінше оған қоса Қарағанды қаласында шетел азаматы ұсталып, одан 128 слоты бар sim-box құрылғысы, екі мыңға жуық sim-карта, екі Wi-fi роутері және сигнал күшейткіш тәркіленді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!