Семейде полицейлік автокөлік КамАЗ-бен соқтығысты
Семейде полицейлік автокөлік КамАЗ-бен жол апатына түсті.
Фото: Абай облысы ПД баспасөз қызметі
15:34 10.02.2025
Облыстық Полиция департаментінің ақпаратынша, экипаж шұғыл шақыртуға бара жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz. Оқыс оқиға 2025 жылғы 10 ақпанда орын алған.
"Патрульдік полиция батальонының экипажы Би-Боранбай көшесінде патрульдеу барысында отбасылық жанжал жөніндегі шақыртуға бара жатқан кезде қызметтік көлік жүк көлігімен соқтығысқан. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, КамАЗ жүргізушісі жанармай құю бекетінен шыға отырып, маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбеген, соның салдарынан жол апаты орын алған".Абай облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі
Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталуда екені атап өтілді.
"Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендер жоқ. Бұл оқиға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір рет еске салады",- деп қорытындылады ведомство.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!