Мемлекет басшысы Иран президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкиан мен Иран халқын Ислам Революциясы күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Фото: Ақорда
10:04 11.02.2025
Жеделхатта Қазақстан Президенті Иранның Таяу Шығыс өңірі мен ислам әлеміндегі іргесі берік, беделді мемлекет екенін атап өтті. Сонымен қатар Мемлекет басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың жылдан жылға нығайып келе жатқанына ризашылығын білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне табыс, ал Иран халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!