{metadescription}
Гватемалада автобус көпірден құлап, 50-ден астам адам қаза тапты

Гватемалада автобус көпірден құлап, 50-ден астам адам қаза тапты

Адам лық толған автобус Сан-Агустин Акасагуастлан қаласынан ел астанасы Гватемала қаласына қатынайтын тас жолдың бойымен келе жатқан, деп хабарлайды Reuters.

Жүргізуші автобусты басқара алмай қалып, құлағанша басқа көліктермен соқтығысқан. Өрт сөндіру қызметі әлеуметтік желіде жариялаған фотосуреттерде автобустың жартылай суға батып кеткені және зардап шеккендердің денесі жатқанын көруге болады.

Гватемала қаласының мэрі Рикардо Квинонес әлеуметтік желіде оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің жөнелтілгенін және жол полициясы апат болған аймақта балама жолдар қалыптастырумен айналысып жатқанын айтты. Өрт сөндірушілер журналистерге автобус бөлшектері астында қалып қойған адамдарды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. 

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, апаттан 36 ер адам мен 15 әйел қаза тапқан. Әзірге қанша жолаушының аман қалғаны белгісіз. Гватемала президенті Бернардо Аревало үш күндік ұлттық аза тұту жариялап, қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.

- Мен бүгін жүрек ауыртатын жаңалықпен оянған жол апатынан құрбан болған адамдардың отбасыларымен біргемін. Олардың қайғысы – менің де қайғым, - деді ол.

Дереккөз: kazinform

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде