Үшінші алтын: Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы алтын және күміс медаль еншіледі
Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасының спортшылары Қытайда өтіп жатқан ІХ қысқы Азия ойындарында бір алтын және бір күміс медаль жеңіп алды.
Фото: Нұрғали Жұмағазы / ҰОК
11:28 11.02.2025
Ерлер арасында биатлоннан 10 шақырым спринт додасына Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Вадим Куралес және Александр Мухин қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша Владислав Киреев 9 минут 40.3 секунд нәтиже көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Вадим Куралес мәре сызығын екінші кесіп, ел қоржынына күміс жүлде сыйлады. Сонымен қатар Әсет Дүйсенов пен Александр Мухин мәреге 6-7 болып жетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!