{metadescription}
Жыл аяғына дейін ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің цифрлық картасы әзірленеді

Жыл аяғына дейін ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің цифрлық картасы әзірленеді

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында жыл аяғына дейін ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің цифрлық картасын әзірлеуді тапсырды.

— Бүгінде мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы, тұрақтандыру қорлары мен қоймалардағы астық пен өнім қорларын есепке алу, топырақтың ылғалдылығын анықтау және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында статистикалық деректердің нақтылығы өзекті проблема күйінде қалып отыр. Сол үшін есепке алу жүйесін толық цифрландыру арқылы шешу керек.

Қойылған тапсырмаларды іске асыру үшін ауыл шаруашылығы саласында инновациялық шешімдерді әзірлейтін отандық IT-компанияларды ынталандыру қажет, - деді Премьер-министр.

Сондай-ақ ол жыл аяғына дейін ауыл шаруашылығына жарамды жерлердің цифрлық картасын әзірлеуді тапсырды.

— Әкімдіктермен бірге осы жылдың 1-ші қыркүйегіне дейін өсімдік шаруашылығында қадағалап отыру жүйесін әзірлеу жұмыстарын аяқтасын. Биыл ұлттық ауыл шаруашылығы санағын жүргізу жоспарланып отыр. Санақ қортындысының нәтижелерін толық цифрландырып, оған талдау жүргізу қажет. Содан кейін деректер базасы үнемі жаңартылып отыруға тиіс, - деді Олжас Бектенов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде