ШҚО-да 14 жыл бойы іздеуде болған алаяқ Алматыда ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында алаяқтық жасағаны үшін 14 жыл бойы іздеуде болған әйел Алматыда құрықталды.
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметінен
14:19 11.02.2025
Белгілі болғандай, қылмыскер Өскемен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінен ұзақ жыл бойы жасырынып жүрген.
- 32 жастағы әйел алаяқтық жасағаны үшін іздеуде болған. Ол құқық қорғау органдарынан 14 жыл бойы жасырынып келді. Полицейлер оны Алматы қаласынан тапты. Қазіргі уақытта әйел адам сол жақтағы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметінен.
Дереккөз: kazinform
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!