Қор нарығында доллар 3 теңгеге арзандады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.
Фото: freepik
16:19 11.02.2025
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 3,48 теңгеге арзандады.
Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 506,43 теңге.
Ұлттық банктің 11 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 510,49 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,27 теңге. Еуро — 527,29.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 507,06 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 509,4 теңге. Еуро 522 — 527 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 506,3 теңге, сатып алу құны — 512 теңге. Еуро 519 теңгеден сатылып, 526 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,18 - 5,28 аралығында саудаланып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!