Алматыда ауа температурасы -10°С-қа дейін күрт төмендеп, қайтадан қар жауады деп күтілуде
Синоптиктер Алматыда алдағы үш күнге – 2025 жылдың 12-14 ақпанына дейінгі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Фото: pixabay
16:19 11.02.2025
"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, оңтүстік астанада күн суытып, тағы да қар жауады деп болжануда:
12 ақпан: құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Шығыстан соғатын жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -8-10°C, күндіз +1+3°C.
13-14 ақпан: құбылмалы бұлтты, түнде қар, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Кейде тұман түсіп, жолдар көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -7-9°C, күндіз 0+2°C.
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда 2025 жылдың 11-13 ақпанына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын. Ол елдің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтілетінін көрсетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!