{metadescription}
Батыс Қазақстанда жөндеуге байланысты республикалық жол бөлігі жабылады

Батыс Қазақстанда жөндеуге байланысты республикалық жол бөлігі жабылады

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар Подстепный-Теректі-РФ шекарасы (0-36 км) автожолын қайта құру жұмыстары жалғасуда.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ БҚО филиалынан мәлім еткеніндей, аталмыш жоба аясында құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме «Казкомсервис» ЖШС құрылыстың негізгі кезеңіне кіріседі.

— Осы себептен 12 ақпаннан бастап құрылыс уақытында Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы («Сырым» өткізу бекеті) жолының 262 шақырымындағы бөлігі, атап айтқанда, трассаның Атырауға қарай бұрылатын тұсы жабылады. Көлік қозғалысы уақытша айналма жолмен ұйымдастырылатын болады, — деп хабарлады ведомстводан.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде