{metadescription}
Қазақстандық велоспортшылар Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Қазақстандық велоспортшылар Азия чемпионатында екі медаль жеңіп алды

Бүгін Таиланд Корольдігінің Пхитсанулок қаласында өтіп жатқан тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы 2 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Жекелей сындағы жарыста Евгений Фёдоров пен Дмитрий Груздев бақ сынады. Евгений Федоров Азия чемпионы атанып, Дмитрий Груздев күміс жүлдені жеңіп алды. 

Жарысқа барлығы 20 шабандоз қатысты. Нәтижесінде екі отандасымыз да тұғырға көтерілді.

Ерлер, уақытқа жарыс (42,8 км)

Евгений Федоров - 49:12
Дмитрий Груздев - 50:25
Чун-Кай Фенг - 51.14.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде