{metadescription}
Бельгия есірткі таратушыларымен күреске әскери қызметшілерді тартпақ

Бельгия есірткі таратушыларымен күреске әскери қызметшілерді тартпақ

Бельгия ішкі істер министрі Бернард Квентин Брюссельдегі есірткі бизнесімен күресу үшін әскери қызметкерлерді пайдалануға шақырды, деп хабарлайды Kazinform.

- Мен әріптесім, қорғаныс министрі Тео Франкенмен (фламандтық ұлтшыл / N-VA) мұны қалай тезірек жүзеге асыруға болатынын талқылау үшін сөйлестім, - деді Бернар Квентин.

Айта кетейік, өткен аптада Еуропа астанасында үш күн ішінде төрт атыс болып, нәтижесінде бір адам қаза тауып, екіншісі жарақат алған болатын. Оның үстіне Брюссельдегі станциялардың бірінде Калашников автоматын ұстаған адамдардың суреті ғаламторда тарады.

- Брюссельде қылмыстық топтар арасында есірткі үшін соғыс жүріп жатыр, - деді Брюссель прокуроры Жюльен Мойниль.

Оның айтуынша, Андерлехттегі атыс есірткі сатушылар арасындағы мәселелерді шешумен байланысты болған.

Бельгияның жаңа ішкі істер министрі Бернар Квентин өткен аптада Брюссельде болған оқиғаны «шектен шыққандық» деп атады.

Сол себепті ол атом электрстанциясы, елшілік сияқты нысандарды бақылауға әскери күтерді тарту керектігін айтты.

Өз кезегінде бұл шара осы жұмыстан босаған полиция қызметкерлерін көшелердегі тәртіпті қадағалауға жіберуге мүмкіндік тудыратынын айтты.

- Мен мұны тезірек жүзеге асыру үшін әріптесім Тео Франкенмен сөйлестім. Қазір ол бұл мәселені қарау үшін әкімшілігімен кеңесіп жатыр, -деп атап өтті ІІМ басшысы.

Министрдің кеңсесі коалициялық келісімге сілтеме жасай отырып, әскерді атом электр станциялары мен елшіліктердегі стационарлық бақылау үшін пайдаланылуы мүмкін екенін айтты.

Алайда Бельгияның әскери кәсіподақтары бұл бастаманы құптамады.

- Бұл біздің жұмысымыз емес. Оқиға болған сайын Қорғаныс министрлігін шақыра салу оңай, - деді кәсіподақ өкілі Ив Юварт.

Оның үстіне, мұндай әрекеттердің заңды негізі жоқ және әскерилерде полиция өкілеттігі жоқ, деп қосады либералды қорғаныс кәсіподақ ұйымының өкілі Крис Хайбрехт.

Қорғаныс министрі Тео Франкеннің айтуынша, қазіргі уақытта әскери қызметкерлердің полиция қызметін атқаруы үшін заңды негіз жоқ.

Франкен министр Квинтенмен полицияның тапсырмаларын орындауға дайын әскери резервтік күштерді құру және орналастыру туралы сөйлескенін растайды, бірақ әріптесінің күткенін қолдамайтынын білдірді.

- Бұл ертең бола салатын мәселе емес. Мен мұны әріптесіме де айттым, - деді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде