{metadescription}
Елордада балаға пышақпен шабуылдаған жасөспірім арнайы есепте тұрған

Елордада балаға пышақпен шабуылдаған жасөспірім арнайы есепте тұрған

Әлеуметтік желіде елордадағы тұрғын үйлердің бірінің лифтінде белгісіз жасөспірімнің кішкентай балаға пышақпен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады, деп жазады kazinform.

Бұл деректі Астана қалалық полиция департаменті растады.

— Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған жасөспірім анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақырылды. Олар тәлім-тәрбие беру міндеттемелерін дұрыс орындамағаны үшін заңнамаға сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады, — деп атап өтті ведомстводан.

Департамент мәліметінше, зардап шеккен сәби ауруханаға жатқызылып, қажетті медициналық көмек көрсетілді. 

— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасаған жасөспірім қажетті тергеу амалдары жүргізілгеннен кейін белгіленген тәртіппен оқшауланады, — делінген таратылған ақпаратта.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде