Шығыс Қазақстанда жолдар жабылды
2025 жылғы 11 ақпан сағат 19:00–да ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдың 2 учаскесінде жол жабылады.
Фото: Мухтор Холдорбеков/Kazinform
20:18 11.02.2025
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті.
Сағат 19:00–ден бастап келесі республикалық автожолдарда көліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.
Абай облысы:
— «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау ауылынан ШҚО шекарасына дейін).
Шығыс Қазақстан облысы:
— «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 1013-1048 шақырым аралығындағы учаскесі (Абай облысының шекарасынан Ұлан ауылына дейін).
Жолды 2025 жылғы 12 ақпан сағат 07:00–де ашу жоспарланған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!