{metadescription}
Екібастұзда WhatsApp арқылы жұртты байытамын деп алдаған алаяқ әйел сотталды

Екібастұзда WhatsApp арқылы жұртты байытамын деп алдаған алаяқ әйел сотталды

Ол өзі құрған алаяқтық схемасы бойынша 23 адамды алдап, жалпы сомасы 26 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірген, деп жазады kazinform.

Екібастұздық тұрғын тез әрі оңай баюдың жолдарын іздеп, өзгелердің есебінен ақша табуды ұйғарған. Оның қаражатты көбейту жобаларына қатысу тәжірибесі бұрыннан болған. 2020 жылы әйел адам WhatsApp мессенджерінде «LiveStyler», «Қарлығаш», «Умножайка», «Шанс» және т.б. чаттарын құрып, адамдарды пайда табу үшін ақша салуға шақырған.

- Ол өзі құрған схеманың табыстылығының көрінісін жасау үшін қатысушыларға жаңа қатысушылар есебінен «дивидендтер» төлеген. Қалғанын жеке қажеттілігіне жұмсаған. Мәселен, жәбірленушінің бірі ақшасын көбейтемін деген уәдеге сеніп, «LiveStyler» тобына қосылған. Ұйымдастырушының қылмыстық ниетінен бейхабар ол 2021 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында алаяқ әйел көрсеткен есепшотқа (оның өзіне, кәмелетке толмаған ұлына және оның күйеуіне тиесілі) 14 млн теңгеге жуық ақша аударған. Бұл соманың 8,5 млн теңгесін қаскүнем жәбірленушіге адалдық таныту үшін қайтарып берген.

Қалған 5,4 млн теңгені өзі иемденген. Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде 23 жәбірленушіге жалпы сомасы 26 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген, - деп хабарларды Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметінен.

Сот сотталушының қылмыстық жауапкершілікке алғаш рет тартылып отырғанын, қамқорлығында кәмелетке толмаған баласы бар екенін және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оған 4 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады. Сондай-ақ жәбірленушілер пайдасына 26 млн теңге материалдық шығын өндірілді. Жазаны өтеуден қасақана жалтарған жағдайда бас бостандығын шектеу бас бостандығынан айырумен ауыстырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде