{metadescription}
Ұлттық ұлан мен Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларымен күресте күш біріктірмек

Ұлттық ұлан мен Қаржылық мониторинг агенттігі қаржы пирамидаларымен күресте күш біріктірмек

Ұлттық ұлан Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп, қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды күшейтуге бағытталған жаңа жобаға бастама жасады.

Жоба әскери қызметшілердің заңсыз схемалардың қатерлері туралы хабардарлығын арттыруға және алаяқтық құрылымдардың таралуына жол бермеуге бағытталған.

Бастама аясында Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығында әскери қызметшілер ҚМА Превенция басқармасының басшысы Андрей Давыдовпен және «AML Academy» академиясының маманы Дархан Құсайыновпен кездесті.

Олар қаржылық пирамиданы қалай тану керектігін, қандай инвестициялық ұсыныстарды мұқият тексерудің маңыздылығын, сондай-ақ әрбір азамат күдікті жобаны «Baiqa, piramida» ресми Telegram-боты арқылы қалай тексере алатынын егжей-тегжейлі айтып берді. Мамандар сондай-ақ ғаламторда дроптар туралы күмәнді вакансиялар кездесетінін, олардың артында алаяқтар болуы мүмкін екенін ескертті және азаматтардың жеке деректері мен қаржыларын ұрлау үшін қолданылатын фишинг және вишинг схемаларына тоқталды.

– Ұлттық ұланмен бірлесіп, біз әскери қызметшілердің қаржылық сауаттылығын арттыру және оларды ықтимал тәуекелдер туралы ескерту міндетін алдымызға қойып отырмыз. Алдағы уақытта осындай іс-шараларды тек Бас қолбасшылық базасында ғана емес, сондай-ақ өңірлік қолбасшылықтарда да өткізу жоспарда бар. Сонда әскери қызметшілер барынша қажетті білім алып, өздерін және жақындарын алаяқтықтардан қорғай алады, - дейді ҚМА Превенция басқармасының басшысы Андрей Давыдов.

Бастама көтеріп отырған тараптар осы бағыттағы жұмысты одан әрі күшейтпек. ҚМА мен Ұлттық ұлан арасындағы нақты нәтижеге бағытталған кездесулерді әскердің өңірлік қолбасшылықтарында да өткізу жоспарланып отыр. Алаяқтықтардың алдын алу мақсатында аталмыш күреске әскери тәрбиешілер де жұмылдырылады. Қос ведомство осылайша, маңызды ақпараттардың әрбір сарбазға жетуін көздеп отыр.

Ұландықтар ҚМА-мен ынтымақтастық қаржылық алаяқтыққа байланысты қатерлерге тиімді ден қоюға, сондай-ақ әскери қызметшілердің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.