{metadescription}
Өскеменде 7 баласына алимент төлемеген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Өскеменде 7 баласына алимент төлемеген әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Өскемен қаласында әйел адамның 7 баласы алдындағы алимент бойынша қарызы 9 млн теңгеге жеткен. 

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, полицияға әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларды қолдау орталығының директоры жүгінген, деп жазады kazinform.

Өз сөзінде ол 42 жастағы Өскемен тұрғынының сот шешімімен белгіленген алимент төлеу міндетін орындамай келе жатқанын жеткізді. 

- Әйел адамның 7 кәмелетке толмаған баласы орталықта тәрбиеленіп жатыр. Оның алимент бойынша қарызы 9 миллион теңгеден асқан. Тәртіп сақшылары аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Осы ретте, полиция алимент төлеуден жалтарғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.