Астанада цех өртеніп жатыр
Осы сәтте елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданы Пушкин көшесі бойындағы цехтан шыққан өртті сөндіріп жатыр.
Фото: МЧС РК
15:04 12.02.2025
Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ. Оқиға орнында 45 адам және 9 техника мен ҚР ТЖМ АМО дәрігерлері жұмыс істеп жатыр.
Астана уақыты бойынша сағат 14:38-де өрт сөндірушілер өртті оқшаулады.
Нақтыланған мәліметтер бойынша сүзгі өндірісі цехының шатырында өрт шыққан. Өрттің ауданы анықталып жатыр. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің көршілес құрылыстарға таралу қаупі жойылды.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!